freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЕО лидерлері Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты алаңдаушылық білдірді

Әлем
ЕО лидерлері Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты алаңдаушылық білдірді
Фото: Social Media/REUTERS

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық кеңес басшысы Антониу Кошта және ЕО дипломатиясының жетекшісі Кая Каллас АҚШ пен Израиль-дің Иранға қарсы әскери операциясы аясында тараптарды сабыр сақтауға және бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Еуроодақ жетекшілері әскери іс-қимылдардың басталуына байланысты Таяу Шығыстағы жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді. Олар ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шиеленістің одан әрі ушығуына немесе ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық режимнің әлсіреуіне жол бермеу аса маңызды екенін атап өтті.

ЕО басшылары барлық тараптарды барынша ұстамдылық танытуға, бейбіт тұрғындарды қорғауға және халықаралық құқық нормаларын толық сақтауға үндеді. Брюссельдің мәлімдеуінше, аймақтағы тұрақсыздықтың күшеюі жаһандық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді.

Сонымен қатар Еуроодақ Иран билігінің әрекеттеріне және Ислам революциясы сақшылар корпусына байланысты кең ауқымды санкциялар енгізгенін еске салды. Брюссель ядролық және баллистикалық бағдарламаларға қатысты мәселелерді келіссөздер арқылы шешуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу