Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ербол Оспанов Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Саясат
Ербол Оспанов Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазгипрожелдортранс» АҚ инженері болып бастаған.

«Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де жоба жетекшісі, «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да жетекші инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінде болды.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу