Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еріннің жыбыры. Трамп Маскқа: "Сені сағындым"

Әлем
Еріннің жыбыры. Трамп Маскқа: "Сені сағындым"

IMAGE: ©newsweek.com

Daily Mail таблоиды бұрын ұрсысып қалған Трамп пен Масктың татуласқаны туралы жазыпты.

Басылым оны қызық әдіспен анықтапты. 10 қыркүйек күні өлтірілген саяси белсенді Чарли Кирктің рухына сау айту рәсімінде кездескен Дональд Трамп пен Илон Маск шүйіркелесіп қалған.

Бірақ әңгімелерін ешкім естімеген. Daily Mail басылымы олардың өзара әңгімесін еріндердің жыбырына қарап аңдайтын маманға жүгініпті.

Сол маман Никола Хиклингтің айтуынша, әңгіме былай өрбіпті (ағылшын тілінде).

Трамп: - Қалайсың.

Трамп (тағы да): - Илон, сені менімен кездескісі келіп жүр деп естідім. Илон Маск бұған иығын қиқаң еткізген сияқты.

Трамп (тағы да): - Жағдайды шешудің жолын іздейік. Бұған Илон Маск басын изеді.

Трамп (Маскты құшақтаған болып): - Сені сағындым.

Бұдан бұрын Илон Маск мемлекеттік қызметте жүріп, Дональд Трампты айыптаған болатын. Трамп болса, оның департаментін жабуды және мемлекеттік субсидияларды тоқтатуды талап етті. Екеуінің бұдан әрі қарайғы қарым-қатынасы медиада бірі бірін балағаттап, кекетуге ұласқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу