Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған.
Қазақстандық таеквондошы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде еншілеген. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде иорданиялық Джафар Альдаудқа есе жіберді.
Осылайша, Еңсегенов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтап, ұлттық құрама қоржынына қола жүлде салып отыр.