Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс қарсаңында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей кездері жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.
Кейінгі күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгенімен, болжамды кезеңнің аяғына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады.
"Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін төмендейді, ал солтүстік-батыс пен қиыр солтүстікте 15-25 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігі мен шығысында температура одан әрі жоғарылап, көктемгі жылу сезіледі", - деді метеорологтар.
11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында температураның төмендеуі да күтіледі.