24-26 сәуір аралығында Корея Республикасының Чунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, сары құрлық жарысында Қазақстан командасының сапында 20 спортшы жүлдеге таласпақ.
Ерлер құрамасында Бапан Асханбек, Бауыржан Сұлтанов, Арыстан Айбеков, Иван Чернухин, Владислав Яковлев, Артем Матусевич, Арслан Сексен, Мәлік Тойғанбаев, Батыр Мәдиев, Алексей Красновский, Александр Афанасьев, Владислав Галкин өнер көрсетсе, әйелдер сапында Роза Кеңес, Екатерина Носкова, Мария Чернец, Тамара Первушкина, Варвара Белоногова, Афина Белоногова, Валентина Волкодавова, Анастасия Кулинич сынға түседі.
Чунджу қаласындағы жарысқа құрлықтағы 15 мемлекеттен 383 ескек есу шебері тіркелген.