freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ешкімге сенбеңіздер!»: Ербаян Мұхтардың әкесі мәлімдеме жасады

Қоғам
«Ешкімге сенбеңіздер!»: Ербаян Мұхтардың әкесі мәлімдеме жасады
Фото: BAQ.KZ

Қайтыс болған сарбаз Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар видеоүндеу жариялап, көпшілікті әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Orda.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта Ербаянның жақындары Астанадағы мәйітхана алдында жиналған. Олар марқұмның денесін алып кетуге келген.

Хамит Мұхтардың айтуынша, әзірге Ербаянның мәйіті ашылмаған. Қазір отбасы прокуратурадан қажетті құжаттарды күтіп отыр. Тиісті құжаттар дайын болғаннан кейін ғана марқұмның денесін мәйітханадан алып шығуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ Ербаян Мұхтардың әкесі ел арасында тарап жатқан түрлі қауесет пен расталмаған мәліметтерге сенбеуді сұрады.

Бұған дейін әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың қайтыс болғанын жазған едік. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің сарбаздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасағанын да хабарладық. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу