Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ел халқы үшін еркіндік пен болашақты өз бетінше айқындауға жаңа мүмкіндік тууы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Фон дер Ляйен «Хаменеи кеткеннен кейін Иран халқында жаңа үміт пайда болды» деп атап өтті. Сонымен қатар ол бұл жағдай аймақта тұрақсыздық қаупін күшейтіп, зорлық-зомбылықтың жаңа толқынына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл мәлімдеме Иордания королі Абдалла II мен келіссөздерден кейін жасалып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық үйлестірудің маңыздылығы айтылды.
Еуроодақ аймақтағы жағдайды тұрақтандыру және шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін серіктестермен байланысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ұйым Иран халқының бейбіт әрі еркін болашаққа деген құқығын қолдайтынын жеткізді.