Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Франция Гренландияда НАТО-ның оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды

Әлем
Франция Гренландияда НАТО-ның оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды
Фото: AP Photo/Evgeniy Maloletka

Франция президенті Эммануэль Макрон НАТО-ны Гренландияда оқу-жаттығу ұйымдастыруға шақырып, Франция бұл іске «өз үлесін қосуға дайын» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірқатар еуропалық елдер дат аралына өз әскери қызметшілерін НАТО-дағы одақтастарымен бірлескен жаттығуларға қатысу үшін жіберген. Алайда бұл миссиялар формалды түрде Альянс аясынан тыс жүзеге асырылуда. Жіберілген күштердің саны да мардымсыз: ең ірі контингент, яғни француз әскери тобы, оның құрамында 15 адам бар. Макронның айтуынша, бұл контингент кейін құрлықтағы, теңіздегі және әуе күштерімен күшейтіледі.

Еуропалық елдердің бұл әрекеттері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ашулы реакциясын туғызды. Ол Дания мен Гренландияны қару-жарақпен қолдаған еуропалық мемлекеттерге қарсы жаңа кедендік баж салығын енгіземін деп қорқытты.

Бұл жаңа тарифтер өткен жылы жасалған ЕО–АҚШ сауда келісімінің талаптарын бұзады. Аталған мәселе бойынша Трамппен келіссөз жүргізу үшін Шотландияға арнайы барған Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен АҚШ президентінің бұл қоқан-лоққысын қате шешім деп бағалады.

Бұған дейін Дональд Трамп Гренландия мәселесі үшін НАТО-дағы одақтастарымен де қақтығысқа баруға дайын екенін ашық айтқан болатын:
«НАТО елдері әрдайым АҚШ оларды қорғайды деп күтеді. Бірақ маған олардың бізге көмекке келе ме, жоқ па – осысы қызық», – деген еді ол.

Ал Альянстың бас хатшысы Марк Рютте бұған жауап ретінде:

«АҚШ Еуропаға көмектесетініне және біз де АҚШ-қа көмекке келетінімізге мен еш күмәнданбаймын», – деп мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу