Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді

Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында жүрген футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч 2:0 есебімен Солтүстік Кореяның пайдасына шешілді. Есеп 70-минутта ашылды. Қазақстан құрамасы қорғаушысының қателігін Ри Иль Сон тиімді пайдаланды. Ал қосымша минутта дәл осы футболшы екінші гол соғып, ойынның нүктесін қойды. 

Бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев алғашқы минуттан Дінмұхаммед Жомарт, Мәди Хасейн, Амандық Нәбиханов, Серәкжан Мужиков, Ұлар Жақсыбаев, Айбар Жақсылықов, Жасұлан Жұмашев, Давид Есімбеков, Алияр Мұхамед, Наурызбек Жагоров, Дінмұхамед Қараманды шығарды.

Жерлестеріміз бұған дейін ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Айта кетейік, Белектегі оқу-жаттығу жиынына құрамаға шақырылмай жүрген ойыншылар келді. Әли Әлиев олардың дайындығын бір тексеріп алуды жөн көрген. 

Наурыз айында ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарын бастайды.
Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу