Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия Трамптың жаңа стратегиясынан қауіптеніп отыр

Әлем
Германия Трамптың жаңа стратегиясынан қауіптеніп отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа стратегия Берлинде алаңдаушылық туғызды. 

BILD басылымының хабарлауынша, Германия Ішкі істер министрлігі дайындаған құпия талдамалық жазбада бұл құжат тікелей қауіп ретінде бағаланған.

Аналитикалық жазбада АҚШ-тың жаңа стратегиясында Еуропаның бұрынғыдай басты әріптес ретінде қарастырылмайтыны атап өтілген.

«Құжатта Еуропа енді негізгі әріптес ретінде анықталмайды, ал альянстардың (НАТО, ЕО) және ортақ құндылықтардың күшті рөлі бұрынғыдай баса көрсетілмейді. Еуропа енді басым серіктес ретінде сипатталмайды (ол Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Азиядан кейін үшінші орынға ығыстырылған), керісінше проблемалы аймақ ретінде көрсетіледі», - делінген құжатта.

Германия Ішкі істер министрлігінің сарапшылары АҚШ-тың Еуропаға қатысты ұстанымында «айқын стратегиялық әрі риторикалық бетбұрыс» бар екенін тіркеген.

Неміс талдаушыларының бағалауынша, Вашингтон Еуропадағы саяси үдерістерге мақсатты түрде ықпал етуді көздеп отыр. Атап айтқанда, АҚШ «патриоттық партиялар» деп аталатын саяси күштерді қолдап, Еуроодақтың қазіргі бағытына қарсы наразылықты ынталандыруы мүмкін.

«Германия үшін балама» секілді партиялар ынтымақтастыққа лайық серіктес ретінде қарастырылады. Оңшыл партияларға үкімет қалыптастыру жөніндегі демократиялық тұрғыда заңды талаптарын іске асыруда көмек көрсетіледі», - деп жазылған Германия ІІМ-нің талдамалық жазбасында.

Құжатта сондай-ақ Германия АҚШ талаптарын қаншалықты деңгейде орындауға дайын екенін «сыни тұрғыда бағалауы тиіс» екені көрсетілген. Себебі мұндай қадамдар Еуроодақты әлсіретіп, Берлиннің өз стратегиялық мақсаттарына нұқсан келтіруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу