Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Голливуд актері Эрик Робертс Астанада жүр (ВИДЕО)

Мәдениет
Голливуд актері Эрик Робертс Астанада жүр (ВИДЕО)

Астанада белгілі америкалық киноактер Эрик Робертстің жүрген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланған. Ондағы ақпарат бойынша, ол Қазақстанға Ұлттық спорт қауымдастығының шақыруымен келген болуы мүмкін. Ал өзінің Ұлттық музейді тамашалап жүргені байқалады.

Оның қасында АҚШ-та продюсер, режиссер, актер, сценарист ретінде жақсы танылған әрі каратэден бірнеше дүркін әлем чемпионы болған жерлесіміз Еркін Ялгашевтің жүргені де көрінеді.

Эрик Робертс – танымал америкалық кино және телевизия актері, «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының номинанты. Актерлық ғұмырында 700-ден астам фильм мен телехикаяда ойнаған.

Фото: kinoafisha.info

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу