freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Спорт
Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстадық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. 

Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иелеген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. 

Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. 

Сонымен бірге, турнирдің төртінші жарыс күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) ғана қола жүлде үшін сынға түседі. 

Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу