freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ІІМ: Былтыр 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Қоғам
ІІМ: Былтыр 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

2025 жылы ел аумағына кірген 15 млн 956 мың 571 шетелдіктің 63 480-і қайта шықпай қалған. Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігіне осындай дерек ұсынған.

2025 жылы Қазақстан Республикасына 15 956 571 шетел азаматы кіріп, 15 893 091-і шыққан (2024 жылы 15 454 808 шетел азаматы кіріп, 15 414 762 шыққан, - деп жазылған жауапта.

ІІМ дерегіне сүйенсек, 2025 жылы 113 мың 961 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18 мың 872 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылған. Ал 2024 жылы 97 мың 229 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзып, 14 мың 124-і ел аумағынан шығарылған болатын.

Министрліктегілер былтыр Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған Ресей азаматтарының саны 8148 адам болғанын атап өтті (2024 жылы – 9761).

- 2025 жылы бұрын Ресей Федерациясының азаматы болған 1757 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды (2024 жылы – 2148), - деп жазады ІІМ мамандары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу