Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Илон Маск өзінің «Америка партиясын» құратынын мәлімдеді

Әлем
Илон Маск өзінің «Америка партиясын» құратынын мәлімдеді

Әлемдегі ең бай адам, кәсіпкер, SpaceX компаниясының негізін қалаушы және Tesla компаниясының тең құрылтайшысы Илон Маск «Америка партиясын» құратынын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол 5 шілде күні өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде жазды.

 «Бүгін Америка партиясы құрылды. Мақсатымыз – сіздердің бостандықтарыңызды қайтару», – деп мәлімдеді Маск.

Осы мәлімдеменің алдында, 4 шілде – АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінде ол Х желісінде «Америка партиясын құруымыз керек пе?» деген сауалнама жариялаған болатын. Бір тәуліктің ішінде 1,3 миллионға жуық адам дауыс берген. Нәтижесінде 65 пайыздан астамы жаңа партия құру идеясын қолдаған.

– «2-ге 1 қатынасымен: сіздер жаңа саяси партияны қалайсыздар – ендеше ол болады!», – деп жазды Маск.

Сондай-ақ ол:
– «Еліміздің ысырап пен жемқорлықтан күйреуіне келгенде біз шын мәнінде демократияда емес, бір партиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз», – деп мәлімдеді.

Бұл сауалнама АҚШ президенті Дональд Трамптың салық туралы жаңа «үлкен, керемет» заңды енгізуі және мемлекеттік қарыз шегін көтеру мүмкіндігіне орай басталған. Бұл бастамаларды Маск қатты сынға алып, Ақ үй басшысымен келіспеушіліктің негізгі себебі де осы болған.

Фото: Allison Robbert/AFP/Getty Images

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу