freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран генералы: Қақтығыс қайта басталуы мүмкн

Әлем
Иран генералы: Қақтығыс қайта басталуы мүмкн
Фото: AFP

Иран Қарулы күштері орталық штабының («Хатам әл-Анбия») басшысының орынбасары, генерал Мохаммад Джафар Асади АҚШ-пен арадағы әскери іс-қимылдардың қайта жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, АҚШ келісімдер мен уәделерге берік емес.

Бұл мәлімдеме Дональд Трамп Иранның жаңа келіссөз ұсынысына қанағаттанбайтынын айтқаннан кейін жасалды. АҚШ президенті келіссөздердің баяу жүруін Иран басшылығы ішіндегі келіспеушіліктермен байланыстырды.

Трамп сонымен қатар Вашингтон алдында екі таңдау тұрғанын меңзеді: мәселені әскери жолмен шешу немесе келісімге келу. Ол адамгершілік тұрғыдан бірінші нұсқаны қаламайтынын атап өтті.

Ал Иранның сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи елдің келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын, бірақ өзіне шарттарды күштеп таңуға жол бермейтінін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу