freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Ормуз бұғазының әлі де жабық екенін мәлімдеді

Әлем
Иран Ормуз бұғазының әлі де жабық екенін мәлімдеді
Фото: ВВС

Ислам революциясы сақшылары корпусы бұғаздан рұқсатсыз өтетін кемелер жойылатынын ескертті. Бұғазды ашу — АҚШ пен Иран арасындағы бітімнің негізгі шарттарының бірі, деп хабарлайды Malim.kz.

Британдық SSY кеме брокері BBC Verify бөлімі журналистеріне Парсы шығанағындағы кемелер келесі хабарламаны алғанын растады:

Назар аударыңыз, Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі барлық кемелер. Бұл — ИРСК Әскери-теңіз күштерінің станциясы. Ормуз бұғазы арқылы өту жабық күйінде қалып отыр, сондықтан бұғаздан өту үшін ИРСК рұқсатын алуыңыз қажет. Теңізге шығуға әрекеттенген кез келген кеме шабуылға ұшырап, жойылады.

SSY өкілі Клэр Гриерсонның айтуынша, кеме экипаждары бұл хабарламаны халықаралық теңіз ескертулеріне арналған жиіліктен естіген.

Сәрсенбі күні бұғаз арқылы екі мұнай танкері өтіп үлгергені хабарланған. Алайда кейін Иран БАҚ-тарының мәліметінше, қозғалыс тоқтатылған — олар мұны Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарының жалғасуымен байланыстырады.

АҚШ пен Израиль бітім келісімі Ливанға қатысты емес екенін мәлімдесе, Иран билігі керісінше пікір айтып, соққыларды тоқтатуды талап етуде.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегіне сәйкес, жаппай соққылар салдарынан кемінде 112 адам қаза тауып, 837 адам жараланған.

Иран бітімге қарамастан Парсы шығанағы елдеріне шабуыл жасады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу