АҚШ президенті Дональд Трамп Иран бойынша қойылған мақсаттарға жақындап қалғанын және Таяу Шығыстағы ауқымды әскери операцияларды қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, негізгі мақсаттардың қатарында зымыран әлеуеті мен ұшыру қондырғыларын жою, қорғаныс-өнеркәсіптік базаны әлсірету, сондай-ақ Иранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін, соның ішінде әуе қорғаныс жүйелерін бейтараптандыру бар.
Сондай-ақ АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз етуді және Таяу Шығыстағы одақтастарын — Израиль, Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ, Бахрейн және Кувейт қорғауды көздеп отыр.