freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви Украинаға барды

Әлем
Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви Украинаға барды
Фото: currenttime.tv

Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің ұлы, тақ мұрагері Реза Пехлеви Украинадағы Одесса қаласына келіп, Black Sea Security Forum халықаралық қауіпсіздік форумына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz currenttime.tv-ге сілтеме жасап.

Форумға Украина, Еуропа, АҚШ және басқа елдерден 1200-ден астам саясаткер, дипломат, әскери маман, сарапшы мен журналист жиналған. Қатысушылар қатарында АҚШ сенаторлары Ричард Блюменталь мен Марк Келли, сондай-ақ конгрессмен Джим Хаймс бар.

Биыл наурыз айында Реза Пехлеви Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ирандағы және өңірдегі жағдайды талқылаған болатын.

Реза Пехлеви – 1979 жылғы Иран ислам революциясы кезінде биліктен кеткен соңғы шах Мұхаммед Реза Пехлевиның мұрагері. Революциядан кейін монархия жойылып, Пехлевилер әулеті елден кетуге мәжбүр болды.

Бұған дейін Пехлеви Ирандағы қазіргі билік құлаған жағдайда өтпелі кезеңді басқаруға дайын екенін мәлімдеп, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерін қолдау көрсетуге шақырған еді. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда билік ауысуы мүмкіндігі туралы пікір білдіргеннен кейін жасалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу