Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Экономика
Ірі қазақстандық компаниялар 17 млрд теңге салық төледі

Премьер-министр Олжас Бектенов 28 ақпанда бірқатар ірі компаниялардың иелері мен басшыларына салық органдарына қосымша декларация тапсырып, әділ салық төлеуге шақыру жасаған еді. Арада екі апта өтпей-ақ, Қаржы министрлігі салықтық міндеттемелерін жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

«Анализ нәтижесінде 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласындағы ірі құрылыс компаниялары мен 102 сауда және өзге де салаларда қызмет ететін компанияға салық салынатын кірісті төмендету белгілері бойынша хабарлама жіберілді. 12 наурыздағы жағдай бойынша қосымша есептіліктер тапсырылып, 17 млрд теңге салық төленді. Бұл төлемдер қатарында BI Group және BAZIS компаниялары бар. Деректерді салыстыру әлі жалғасуда», – делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі ашықтық пен әділ салық төлеуді қамтамасыз ету аясында бірқатар ірі құрылыс компаниялары Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, құрылыс саласындағы көлеңкелі схемалардың алдын алу үшін қаржылық ағындардың ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық шешімдер әзірлеуге қаржы бөлуді ұсынғанын хабарлады.

Сарапшы Эдуард Полетаевтың айтуынша, құрылыс компаниялары, жалпы экономиканың бірқатар салалары секілді, салық есебін жүргізудің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Көптеген ұйымдар әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жұмыс істейтін серіктестермен ынтымақтасады.

Мәселен, құрылыс саласында тапсырыс берушілер мен мердігерлер үшін ең өзекті мәселе – бизнесті бөліп, салықтан жалтару схемасы. Бұл бір өндірістік процестің бірнеше заңды тұлғаға бөлінуі арқылы іске асырылады. Қаржы министрлігінің мәліметінше, бір үлкен компания барлық салықты төлеуге міндеттелген жағдайда, бірнеше шағын кәсіпорынға бөлінгеннен гөрі көбірек салық төлер еді.

Құрылыс және өзге де ұйымдар төлейтін салық сомасының өсуі мемлекеттік бюджет үшін оң фактор саналады. Алайда, «бизнесті бөлу» ұғымының салық кодексінде нақты анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін жаңа салық кодексіне салықтан жалтарудың алдын алу шараларын енгізу қарастырылып жатыр.

28 ақпандағы Үкімет отырысында Қаржы министрлігі мынадай ұсыныстар жасады:

  • Бизнесті бөлудің заңнамалық критерийін енгізу,
  • Салық дауларында мәннің нысаннан басым болуы қағидатын қолдану,
  • Осындай фактілерді бақылау және дәлелдеудің жаңа әдістерін әзірлеу,
  • Жеке кәсіпкерлер үшін қызмет түрлерін шектеу.

Фото: malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу