Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алды

Спорт
Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алды

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.


Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады. 

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты.

Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған.

Фото: Оlympic.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу