Бүгін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері баланың денсаулығына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Басқарма емнің толық әрі клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізіп отыр. Олардың сөзінше, науқастың жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты. Бастысы, есін біледі.
Кеше баланың жағдайы тұрақтанған соң Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Есін біледі. Науқаспен және оның анасымен клиникалық психолог жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Науқасты Қазақ медициналық университетінің нейрохирургі мен Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры қарағаны туралы ақпарат бар.
Фото: видеодан кадр