freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Із-түзсіз жоғалған ақтаулық азаматқа іздеу салынды

Қоғам
Із-түзсіз жоғалған ақтаулық азаматқа іздеу салынды
tengrinews.kz

Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқаған, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz пен Lada.kz-ке сілтеме жасап.  

Ер адам жоғалғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде жарияланды. Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.

Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылды. Пәтердің есігі ашылғанымен, ішінде иесі болмаған. 

"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерді желдетуге қалдырғандай көрінеді. Мұнда оның туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр", – деді таныстарының бірі.

Жоғалған ер адамның шашы ашық түсті, бойы шамамен 170 сантиметр. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 705 144 2541 (Юлия) нөміріне хабарласа алады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу