freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль ХАМАС-тың әскери жетекшісін өлтірді

Әлем
Израиль ХАМАС-тың әскери жетекшісін өлтірді
Фото: Belal Osama/SIPA/picture alliancе

Израиль әскері ХАМАС-тың әскери қанатының басшысы Изз ад-Дин әл-Хаддадтың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) хабарлауынша, 15 мамыр күні Газа секторына жасалған соққы кезінде ХАМАС-тың әскери қанатын 2025 жылдың мамырынан бері басқарған әл-Хаддад қаза тапқан. Операцияны ЦАХАЛ мен Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметі (ШАБАК) бірлесіп жүргізген.

Израиль тарапы Изз ад-Дин әл-Хаддадты 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі деп атайды. Сол шабуыл кезінде шамамен 1200 адам қаза тауып, тағы 250-ге жуық адам кепілге алынған еді.

ЦАХАЛ мәліметінше, әл-Хаддад соңғы уақытта ХАМАС-тың әскери әлеуетін қайта қалпына келтірумен айналысқан.

ХАМАС өкілдері де әл-Хаддадтың қаза тапқанын растады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу