freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль әуе күштері Иранның баллистикалық нысандарына жаппай соққы жасады

Әлем
Израиль әуе күштері Иранның баллистикалық нысандарына жаппай соққы жасады
Фото: DW

Иран аумағына жасалған операцияға 200 ұшақ қатысқан. Израиль әскері соққыларды баллистикалық ракеталар ұшыруға арналған қондырғылар мен ПВО жүйелеріне бағыттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Армияның хабарлауынша, 500 нысан бір мезгілде атқыланып, Иранның батыс және орталық аймақтарында соққы жасалған. Израиль әскері бұл әрекетті «Израиль әуе күштерінің тарихындағы ең ірі соққы операциясы» деп атап, операцияның жүздеген ұшақты синхрондауды талап еткенін айтты.

Тебриз аймағындағы бір нысан баллистикалық ракеталар бөлімшесі қолданған, деп хабарлады ЦАХАЛ. Әскери мәліметке сәйкес, сол жерден «Израиль аумағына оншақты ракетаны ұшыру жоспарланған».

Бұл операция Израиль әуе күштері үшін стратегиялық маңызы бар және бірнеше аптаға созылған жоспарлаудан кейін жүзеге асырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу