Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

Әлем
Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

Иранның Сыртқы істер министрлігі бірнеше әскери орталығына жасаған Израильдің шабуылын халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын, әсіресе, елдердің аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігіне қарсы күш қолдану немесе күшпен қорқыту қағидасын бұзу деп санап, оны қатаң айыптады, деп хабарлайды Malim.kz.

Соған байланысты Иран БҰҰ Жарғысының 51-бабында көрсетілген заңды қорғану құқығына сүйене отырып, өзін сыртқы агрессиялық әрекеттерге қарсы қорғануға құқылы және міндетті деп санайтынын мәлімдеді.

Израильдің аймақтағы әрекеттерін, әсіресе Палестина халқы мен Ливанға қарсы агрессиясын АҚШ пен кейбір батыс елдерінің толық әскери және саяси қолдауымен жалғасып жатқан шиеленістің негізгі факторы екенін айтты.

Сондай-ақ, Израильдің әрекеттерін АҚШ пен басқа батыс елдерінің қолдап отырғаны аталып өткен. Тегеранның пікірінше, Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың себебі осы. Иран сыртқы істер министрлігі Израиль мен оның батыстық одақтастарын «Палестина халқына жасалған геноцид» пен Ливанға қарсы агрессия үшін жауапты деп айыптап, бұл әрекеттердің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзатынын мәлімдеді.

Фото: ru.irna.ir

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу