28 ақпанда Израиль Иран астанасы Тегеранға күндізгі әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Malim.kz. Associated Press-ке сілтеме жасап.
Қаланың орталық бөлігінде түтін көтерілгені байқалғанымен, шабуылдың нақты нысанасы әзірге белгісіз.
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац операция «қауіп-қатердің алдын алуға бағытталғанын» мәлімдеді, бірақ егжей-тегжейін ашпады.
Куәгерлер Тегеранда жарылыс дыбысын естіген. Иранның мемлекеттік телеарнасы да жарылыс болғанын растады, алайда себептерін нақтыламады. Сол уақытта Израиль аумағында әуе дабылы қосылып, тұрғындарға ықтимал зымыран соққыларына дайын болу ескертілді.
Шабуыл АҚШ-тың аймақта әскери күштерін шоғырландырып, Иранға ядролық келісім бойынша қысым жасап жатқан кезеңге тұспа-тұс келді.