Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Канада Ресей аумағында виза беруді тоқтатты

Әлем
Канада Ресей аумағында виза беруді тоқтатты
Фото: picture alliance/dpa/All Canada Photos

Канада билігі Ресей аумағындағы визалық орталықтарда құжат қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

28 қаңтар, сәрсенбі күнінен бастап Ресейдегі канадалық визалық орталықтар виза рәсімдеу үшін паспорттар мен құжаттарды қабылдамайды. Алайда орталықтардың өзі жұмысын жалғастырып отыр. Қабылдауды тоқтату себептері нақты көрсетілмеген.

Канада үкіметі Ресей азаматтарына канадалық виза алу үшін ел аумағынан тыс орналасқан визалық орталықтарға жүгінуді ұсынды.

Қазіргі уақытта Канада визалық орталықтары Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Ростов-на-Дону және Екатеринбург қалаларында жұмыс істейді. Бұл орталықтарда канадалық виза алу үшін қажетті биометриялық деректерді тапсыру мүмкіндігі сақталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу