Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Канело жеңіліп қалды

Спорт
Канело жеңіліп қалды

Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен кеште сенсация!

Мексикалық Сауль Канело Альварес (61-57-2-2-39КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0-0-11КО) жеңіліп қалды.

12 раундқа созылған сайыста төрешілдердің шешімімен Бивол чемпион атанды.

Канело алғашында басымдау көрінгенмен, төртінші раундтан ары қарай басымдық Бивол жағында болды. Биволдың соққыларының әр алуандығы туралы сарапшылар бұған дейін де айтқан. Дегенмен, ол өзінің техникасын осы жол абсолютті чемпионға қарсы дәлелдеді. Сөйтіп, 20 жекпе-жегінде ол Канелоны жеңді.

Бұған дейін Канело жеңсе, қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі міндетті қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған. Бұған дейін қазақстандық пен мексикалық екі рет кездесіп, алғашқысында тең, екіншісінде төрешілердің шешімімен Канело жеңген. Сол үшін де бұл боксшы қазақстандық жанкүйерлерге етене таныс.

Бивол - ресейлік боксшы, Қырғызстанның Тоқмақ аймағында туған, әлі бір де бір мәрте жеңілмеген чемпион.

Фото ашық дереккөзден алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу