Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Қоғам
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі тәркіленген элиталық қонақ үй әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылмақ, деп хабарлайды Malim.kz.

«2025 жылғы 24 сәуірде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданы, Ерейментау көшесіндегі тұрғын үйді электрондық сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады. Нысанның бастапқы бағасы 1 060 000 000 теңгені құрады. Астана қаласы әкімдігінен осы нысанды қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалану үшін беру туралы ресми өтініш түсті. Әлеуметтік маңыздылығы мен заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарына енгізілмеді», – деп хабарлады «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, үйді әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүддесін ескере отырып белгіленген тәртіппен шешіледі.

Аталған қонақ үй бұған дейін ақпан, наурыз және сәуір айларында бірнеше рет саудаға шығарылған болатын.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу