Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген 2.2 трлн теңге қалай игеріліп жатыр?

Экономика
Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген 2.2 трлн теңге қалай игеріліп жатыр?
© egemen.kz

Қазіргі уақытта 7,5 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрін пайдаланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақмола облысы алдыңғы орында.

Бұл өңірде шаруалардың 328 жобасына қолдау көрсетілген. Жалпы сомасы 80 млрд теңге болатын несиелерге 67,4 млрд теңге көлемінде кепілдік берілді. Мұның нәтижесінде диқандар көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарын уақытылы бастай алды.

Шаруа Болатбек Әсенов:

«32 миллион теңгеге жанармай сатып алдық. Үкімет бекіткен 254 теңгелік бағамен және “Кең дала-2” бағдарламасы арқылы несие рәсімдедік. Себебі орақ кезінде қаржы аса қажет. Бұл қаражатқа жөндеу жұмыстарын жасап, құрал-жабдық алдық және жанармай қорын толықтырдық. Дайындығымыз толық – кептіргішке газ да сатып алдық», — 


дейді ол.

Мемлекеттік қолдау құралдары да кеңейіп келеді. «Даму» қорының мәліметінше, еліміз бойынша 3400 кәсіпкердің несиесіне 510 млрд теңге кепілдік берілсе, 2,5 мың кәсіпкерге 345 млрд теңге көлемінде субсидия төленген.

«Даму» қорының басқарушы директоры Нұрбол Жанабеков:

«Биыл субсидияға 270 млрд теңге бөлінді. Маусым айынан бастап жеке кәсіпкерлерді қолдауға қосымша 750 млрд теңге қарастырылып отыр. Оның 450 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктердің қаражаты есебінен бағытталады», —

дейді.

Көкшетаулық жеке кәсіпкер Дана Қабиденова он жыл бұрын білім беру орталығын ашқан. Ағылшын тілі мұғалімі ретінде алғашқыда шағын кабинет жалдап, балаларды жеке оқытқан. Кейін мемлекеттік тапсырыс алып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерімен қатар, математикадан қосымша білім беруді жолға қойған.

«Бастапқыда шағын кабинеттен бастаған ісімізді бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында кеңейтіп, несие алдық. Бұрын кеңсені жалға алсақ, қазір өз ғимаратымыз бар», — 


дейді кәсіпкер.

Ақмола облысында бүгінде 61 мыңнан астам кәсіпкер түрлі салада жұмыс істейді. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің 71 жобасы 8 млрд теңгеге қаржыландырылған.

«Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Айнагүл Байдәулетова:

«Біздің қолдауымызбен кәсіпкерлер 6,5 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 459 млрд теңге салық төледі. Осы кезеңде 43,3 млрд теңге субсидия беріліп, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды», — 

деп атап өтті.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірде кәсіпкерлер саны 2,5 мыңға көбейіп, 4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу