Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты

Мәдениет
«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты

ҚР Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дулат Исабеков қаламдас әріптесі Мұхтар Мағауиннің қайтыс болғанына орай, марқұмның отбасына, ормандай көп оқырманына көңіл айтты. Бұл туралы Abai.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Рас, Мұхаң екеуіміз кейбір мәселелерде көзқарасымыз сәл үйлеспей, келіспей қалған кездеріміз болды. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ. Пікір қайшылығы деген бола береді. Бастысы, Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиеті, қазақ руханияты үшін ғажап еңбектер жасап кетті. Бір ғана «Бес ғасыр жырлайдының» өзі неге тұрады? Сол заманда мұны ол жасамаса ешкім де жасамас еді. Зерттеу еңбектерінен бөлек, көркем шығармаларының өзі – ұлт тарихының үлкен галереясы. Бұлай өнімді еңбек еткен қаламгер бізде өте сирек. Иманы саламат, рухы шат болсын Мұхаңның!, деді жазушы Дулат Исабеков.

Фото: massaget.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу