Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кеше жеті өңірде тұрғын үйлерден шыққан өрт сөндірілді

Қоғам
Кеше жеті өңірде тұрғын үйлерден шыққан өрт сөндірілді

Өткен тәулікте өрт сөндірушілер тұрғын үй секторындағы 7 өртті сөндірді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қостанайда пәтерде 12 шаршы метр алаңда жиһаздар өртеніп, 10 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар.

Қарағандыда да 4 шаршы метр алаңда жиһаз өртеніп, 9 адам құтқарылды (оның ішінде 1 бала бар) және 1 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ Қарағандыда жер үй өртенді.

Ақтөбе қаласында 0,5 ш. м. алаңда балкон қаптамасы жанды.

Ақмола облысы Атбасар қаласында жер үйдің 35 шаршы метр алаңы өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 1987 жылғы үй иесі құтқарылды.

Алматы облысы Қаскелең қаласында салынып жатқан 2 қабатты үйде 96 ш.аршы метр алаңында шатыр жанды.

Жезқазғанда пәтерде 7 шаршы метр алаңда жиһаз өртенді.

ТЖМ күштері көмегіммен барлық өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Фото: ҚР ТЖМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу