Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкеністер мен жемістер қайта өңделеді

Экономика
Көкеністер мен жемістер қайта өңделеді

Көкеністер мен жемістер қайта өңделеді

Шымкен қаласында жаңа кәсіпорындар жиі ашылып жатыр. Солардың бірі көкеністер мен жемістерді қайта өңдейтін кәсіпорынның құрылысы басталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы «Алан и Компания» ЖШС-нің көкеністер мен жемістер өңдейтін кәсіпорын құрылысын аралап көрді.

Бүгінде тұрғын алапта қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. «Алан и Компания» ЖШС алма (39,5 га), шабдалы (2 га), алмұрт (2 га), жүзім (1,5 га) шаруашылығы бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Инвестиция көлемі – 400,0 млн. теңге. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Одан  бөлек, сиымдылығы – 1,3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

Жеке кәсіпкер 2021 жылы жеміс-көкөніс қайта өңдеу өндірісінің құрылысын жүргізуде. Инвестиция көлемі – 1 200,0 млн. теңге («АКК» АҚ-нан несие алынды). Құрал-жабдықтары Түркиядан әкелінеді. Бұл бағытта жалпы 30 адам жұмыспен қамтылады. Алда шырын, джем, пектин ұнтағы сынды өнім түрлері дайындалады.

Сондай-ақ, голландиялық үлгідегі жылыжай кешенін салу жоспарда Инвестиция көлемі – 5,2 млрд.теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жер анықталып, «АКК» АҚ-нан несие алуға құжаттар жинақталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу