Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетау епархиясын украиналық викарий басқарады

Қоғам
Көкшетау епархиясын украиналық викарий басқарады

Көкшетау епархиясын украиналық викарий басқарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап. 

20 наурызда Мәскеуде Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилдің төрағалығымен Ресей Православ Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысы өтті.

"Көкшетау және Ақмола архиепископы болып Донецк епархиясының викарийі, Новоазовск архиепископы Варсонофий тағайындалсын", – делінген хабарламада.

Еске салйық, 2025 жылғы қаңтардың аяғында Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион Ресейдің Нижний Новгород облысында жол апатынан қаза тапқан еді. Көкшетаудан Мәскеуге Рождестволық оқуларға бара жатқан дін қызметкері ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Онымен бірге болған Көкшетау қаласындағы Тірілу кафедралдық соборының діни қызметкері, иеромонах Евлогий (Щербак) ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Фото: azh.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу