Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көлік министрі еліміздегі жолдар не үшін жыл сайын жөнделе беретінін түсіндірді

Қоғам
Көлік министрі еліміздегі жолдар не үшін жыл сайын жөнделе беретінін түсіндірді

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда кейбір жолдар неге жыл сайын жөндеуден өте беретінін түсінідірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, оның көптеген факторы бар.

Жолдардың жөндеудің бірінші түрі – ағымдық, ол жыл сайын жүреді. Екіншісі – технология бойынша әр бес жыл сайын жасалатын орташа жөндеу. Үшінші түрі – күрделі жөндеу, жолдар 15 жылдан кейін жөнделеді. Сіз айтып отырған жыл сайын жүргізілетін учаскелер орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жолда шұңқырлар пайда болады, сондықтан ағымдағы жөндеуден кейін орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл жол саласы үшін қалыпты жағдай, бұл жерде мәселе сапаға келіп тірелмейді, көптеген фактор бар. Мысалы, ауыр жүктерге қатысты, нормаларға сәйкес, жолға түсетін жүктеме 25 тонна болуы керек, ал кейде 100 тоннадан асып кетеді. Бұл жолды бұзады, осыған байланысты қосымша жөндеу жұмыстарын талап етеді, - деді министр Мәжіліс алаңында журналистердің сауалына жауап бере отырып.

Фото: astana-akshamy.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу