freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Көлсай көлдерінің» тау бөктерінде таутекелер еркін жайылып жүр (ВИДЕО)

Қоғам
«Көлсай көлдерінің» тау бөктерінде таутекелер еркін жайылып жүр (ВИДЕО)
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін көрініс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кезекті патрульдеу кезінде парк қызметкерлері тау бөктерімен еркін қозғалып жүрген бірнеше таутекені байқап, олардың табиғи ортадағы тіршілігін таспаға түсіріп алған.

Бейнежазбада таутекелердің еш алаңсыз жартасты беткеймен жүріп бара жатқанын көруге болады. Мамандар жануарларды біраз уақыт сырттай бақылап, олардың табиғи мінез-құлқын тіркеген. Біраздан кейін таутекелер тау ішіне қарай бет алып, көзден ғайып болған.

Таутекелер биік таулар мен жартасты аймақтарды мекендейтін жануарлардың бірі. Сондықтан мұндай сәттердің табиғи ортада бейнекамераға түсуі ұлттық парк аумағындағы жабайы табиғаттың байлығы мен экожүйенің сақталғанын көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, осындай бақылаулар ұлттық парктің табиғи әлемін жақыннан танып, сирек жануарлардың тіршілігін табиғи қалпында көруге мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу