Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конституцияға түзетулер енгізуге 16,4 млрд теңге бөлінеді

Саясат
Конституцияға түзетулер енгізуге 16,4 млрд теңге бөлінеді

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

"Республикалық референдумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл есептеулерді Орталық сайлау комиссиясы ұсынды. Біз бүгін үкімет қаулысымен осы шешімді қабылдадық", - деді Жамаубаев журналистер сұрағына.

Еске сала кетейік, республикалық референдум биыл 5 маусымда өтеді. Оған сай  Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Үгіт жұмыстары басталып кетті, науқан 4 маусымда сағат 00.00-де аяқталады. Референдум алдындағы және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу