Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Коронавирус қайта өршіп барады

Сұқбат
Коронавирус қайта өршіп барады

Коронавирус пандемиясының екінші толқыны біріншісінен де күшті болуы мүмкін деген болжам шындыққа айналатын түрі бар. Қазірдің өзінде әлем бойынша антирекорд тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) хабарлауынша, өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус жұқтырған 423 819 адам анықталған. Мұндай көрсеткіш бұған дейін мүлде болмаған.

22 қазандағы жағдай бұдан бұрынғы ең жоғарғы көрсеткіштен 11 мыңға көп. Айта кетерлігі, бұған дейін тіркелген антирекорд та осы айда, 17 қазан күні тіркеліпті – 412 889 адам вирус жұқтырған.

Қазіргі жағдайға байланысты көш бастап тұрған ел – АҚШ, онда бір күнтішінде 60 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған; екінші орында Үндістан (55 мың); үшінші орында Франция (41 мың) тұр. Ұлыбритания, Бразилия, Аргентина сияқты елдер де көшбастап тұрған елдер қатарына кіреді. Соңғы кездері көрсеткіші өршіп тұрған көршіміз Ресейде 15 971 адам ауру жұқтырыпты.

Қазақстанда өткен тәулікте вирус жұқтырған 179 адам анықталды. Ал алдыңғы күні 141 адам инфекция жұқтырғаны хабарланған.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, падемия басталғалы бері  41,1 млн-нан астам адам жұқтырып, 1,14 млн адам қайтыс болған. Қазақстанда қазіргі көрсеткіш бойынша, жалпы саны 110 086 мың адам ауырып, 1 811 адам қайтыс болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу