АҚШ-тың Флорида штатында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған ер адам полицияның қолына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Orlando News басылымының жазуынша, 22 қаңтар күні Киссимми қаласындағы Осиола округінің полициясы Грассендейл-стрит көшесіне тұрғындардың шағымы бойынша барған. Көршілер үй маңында бір ер адамның жұрт алдында әдепке жат қылық көрсетіп жүргенін мәлімдеген.
Тексеру барысында 51 жастағы Кевин Дейл Вестерхолдтың көршілерінің көзінше тұрмыстық техниканы пайдаланып, орынсыз әрекеттер жасағаны анықталған. Полицияға ұсынылған бейнежазбаларда оның жартылай жалаңаш күйде болғаны көрінеді.
Шериф кеңсесінің хабарлауынша, бұл азамат бұған дейін де қоғамдық орындарда жалаңаш жүргені үшін бірнеше рет тұрғындардың наразылығына тап болған. Тергеу кезінде күдікті мен оның жұбайының аталған ауданда Airbnb арқылы жалға берілетін екі тұрғын үйдің иелері екені белгілі болды.
Сондай-ақ көршілер желтоқсан айында бақылау камераларына түскен ұқсас жағдайларды да құқық қорғау органдарына тапсырған. Осы материалдардың негізінде күдіктіні ұстауға санкция беріліп, ол 26 қаңтар күні қамауға алынды.
Қазіргі уақытта ер адамға қоғамдық орында әдепсіз түрде жалаңаштану дерегі бойынша айып тағылып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.