Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көшелер жөндеуден өтпекші

Экономика
Көшелер жөндеуден өтпекші

Көшелер жөндеуден өтпекші

Қала әкімі М. Әйтенов №10 көшені орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты – «АГАТ» ЖШС.

«Қызылжар» шағынауданында көшелерді орташа жөндеу және Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, қазіргі таңда 0,4 шақырым Гаражная, 0,5 шақырым Ақтансай, 1,0 шақырым Жусанды көшелерінде құрылыс жүргізілуде. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалык, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады. Шағынауданда жалпы жол ұзындығы – 57,9 шақырым. Асфальт жол - 34,3 шақырым, тас жол – 20,4 шақырым, топырақ жол – 3,2 шақырым.

Сонымен қатар, шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу