Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кремль: Путин Украинаны Макронмен талқылауға дайын

Білім-ғылым
Кремль: Путин Украинаны Макронмен талқылауға дайын
Андрей Гордеев / Ведомости

Ресей президенті Владимир Путин Украина мәселесін Франция президенті Эмманюэль Макронмен талқылауға дайын. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Макрон Еуропа ұзақ мерзімді бейбітшілікке бағытталған қазіргі келіссөздер нәтиже бермеген жағдайда, Владимир Путинмен тікелей диалогты қайта жандандыру жолдарын табуы қажет екенін айтқан.

Сонымен қатар, РФ президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Украина бойынша Майамиде АҚШ өкілдерімен өткен келіссөздерді «конструктивті» деп бағалады.

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонды Мәскеуге қысымды күшейтуге шақырды. Оның айтуынша, егер дипломатиялық жол нәтиже бермесе, АҚШ Украинаны қару-жарақпен кең көлемде қолдап, Ресей экономикасына толық санкциялар енгізуі тиіс.

Зеленский сондай-ақ АҚШ тарапынан Украина, Ресей және АҚШ арасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер деңгейінде үшжақты кездесу өткізу ұсынылғанын айтты. Украина тарапы бұл бастамаға келісім берді. Ал Мәскеу бұл ұсынысқа қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу