Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалды

Қоғам
Күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалды
ашық дереккөзден

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұманованың ісі бойынша сот отырысы 27 қарашада басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың шілдесінде Баласаз ауылында болған. Марқұмның туысы Раушан Дәуренбекованың айтуынша, істің мән-жайын анықтау үшін Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалған. Қайта сараптама нәтижесінде күдіктіге тағылған айып ауырлатылған.

Алғашында іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі – "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соққан" бойынша тергелген еді.

Алайда туыстары алғашқы сараптама қорытындысына күмән келтіріп, қайта тексеруді талап еткен.

"Мәйітке эксгумация жасауды сұрадық. Талдықорғандағы сараптамаға көңіліміз толмады. Алматыға апарып қайта тексерттік. 58 күндік сараптама нәтижесінде іс "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабына (ҚК 99-бап, 3-бөлік) ауыстырылды", – дейді марқұмның жақыны.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу