freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күйеуінен ұрыс естімеу үшін әйелі үйіне әдейі "ұры түсіріп", күтпеген әрекет барған

Қоғам
Күйеуінен ұрыс естімеу үшін әйелі үйіне әдейі "ұры түсіріп", күтпеген әрекет барған
freepik.com. Суретте: бетперделі ұры

Тараз қаласында бетперде киген белгісіз қарақшы үйге басып кіріп, әйелді қарумен қорқытты деген ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бұл оқиғаны әйелдің өзі ойдан шығарған, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғыннан қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Әйелдің айтуынша, бетперде таққан белгісіз ер адам оның үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап тастаған. Сондай-ақ ол алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткенін айтқан.

Ауыр қылмыс туралы хабарлама түскен соң полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын бастап, жедел іздестіру шараларын жүргізген.

Алайда тексеру барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Белгілі болғандай, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық туралы оқиғаны ойдан құрастырған.

Тергеу кезінде оның алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуінен жасырын түрде сатып жібергені белгілі болды. Кейін ол бұл жағдайды жасыру үшін қарақшылық шабуыл болды деп өтірік айтқан.

Қазіргі уақытта қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу