Ақмола полицейлері тасжолда үлкен қауіптің бетін қайтарды (ВИДЕО)

Жүк көлігі балалар мінген автобустарға соғуы мүмкін еді

Мәди Саматұлы

  • 26.05.2024

Ақмола облысында патрульдік полицейлер тасжолда балалар мінген автобустарға төнген үлкен қауіптің бетін қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, оқиға 24 мамырға қараған түні болған. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, екі шағын автобуста жазғы лагерден қайтқан 22 бала болған. Олар 23 мамыр күні түстен кейін Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев ертіп жүрген.

Түнгі сағат 02:15 шамасында Екатеринбург – Астана автожолымен, Жақсы ауданының аумағында жүріп келе жатқан патрульдік экипаж қарсы жолақ бойымен қозғалған ауыр жүк көлігін байқайды. Полицейлер жүргізушіге шам мен арнайы құрылғы арқылы белгі берді, бірақ жүк көлігі тоқтамайды. Кейінірек белгілі болғаны, көлік құралы бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмай келе жатқан беті екен.

Артында балалардың келе жатқанын түсінген патрульдік экипаж өз өмірлерін қиюға дайын болған. Алайда, абырой болып, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі соңғы сәтте ғана көлік тізгінін игеріп, бір жаққа бұрыла алған. Дегенмен соғыспау мүмкін емес еді. Жүк көлігінің тіркемесі патрульдік көлікке механикалық зақым келтірген.

Бүркіт Алшынбаевтың айтуынша, жол бойында белгіленген қашықтықты сақтаған шағын автобустардың жүргізушілері де кәсібилік танытып, апатты жағдайды көріп, тиісті шараларды қабылдап, біртіндеп жол жиегіне шығып кеткен.  

Шешім қабылдауға 1-2 секунд қана уақытымыз бар еді. Соққыны өзімізге қабылдауға дайын болдық, дейді Бүркіт Алшынбаев.

Ал төтенше жағдай жасағаны үшін жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды