Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Құқық
Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция желіде жарияланған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағына қарайды. Сонан соң оны лифтке итеріп кіргізіп, құлатып, шашына жармасады. Осы кезде бейнежазбадан кішкентай баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлап жатқаны естіледі.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл жайттың Ақтауда болғанын растады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Фото: дереккөз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу