Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Мәди Саматұлы

  • 16.11.2024

Ақтөбеде грант уәде еткен алаяқ студенттерді алдап, 5 миллион теңге иемденген. Бұл туралы «Мой город» жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайт жазуынша, Ақтөбе қаласында университеттерде грантқа түсіруге уәде берген ер адам студенттерді алдап, 5 миллион теңге жымқырған.

Ақтөбе қаласының №2 соты осы алаяқтық ісі бойынша қылмыстық істі қараған.

2024 жылдың қаңтар айында ер адам өзінде түрлі салада таныстары бар екенін және университеттерге грантқа түсіруге мүмкіндік бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан. Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ол ақша талап еткен. Кейін ақшаны қолма-қол шешіп алып, анасының шотына аударған. Нәтижесінде үш жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген, – деп жазылған сот құжатында.

Ер адам кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, оларға келген шығынды толық өтеген. Жәбірленушілер оны кешірген.

Сот оны кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы шешім шығарған. Жұмыс орындарын жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025

Ақтөбеде аудан халқының қайықпен қатынаудан басқа амалы қалмады

16.03.2025

Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген». Банкоматта кезекке таласқан екі әйел төбелесті

02.03.2025

Ақтөбедегі оқушы өлімі. Баланы ит талап тастаған ба?

28.02.2025

Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген Назарбаев университетінің студенті жазаланды

28.02.2025

Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты іс сотқа жолданды

25.02.2025
MalimBlocks
Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды