Астана дәмханаларының бірі 2 млн теңгенің мүлкінен айрылып қалды

Ұрлықшы ұсталып, қамалған

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияға Астанадағы отбасылық дәмханалардың бірінің иесі ұрлық дерегі бойынша арызбен жүгінген. Тергеу барысында дәмхана ғимараты қараусыз қалғаны анықталған. Бұл қаскүнемнің назарын аударған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол терезені бұзу арқылы үй-жайға кіріп, сол жерден жалпы құны 2 млн теңгеге теледидар, кабель және 100-ге жуық радиаторды алып кеткен, деп жазылған полиция хабарламасында.

Ал ұрлаған мүлкін металл қабылдау пунктіне өткізген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрлықшы Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks