«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Атырау облыстық Полиция департаменті 25 сәуірде екі бала қаза тапқан пәтерге өрт қасақана қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Malimkz.
Ведомствоның мәліметінше, полицейлер өрт қойған күдіктіні ұстаған.
Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты. Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті Оралға бара жатқан жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - деп хабарлады полиция.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті
Күдіктінің үстінен "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Ол бұл баптың санкциялары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: Атырау облысы ТЖД