Атырауда қаржы жымқырған емхана директоры сотталды

Сотталушылар кәсіпкермен заңсыз шарт жасасқан

Malim Админ

  • 28.08.2024

Атырау мен Жаңаөзеннің қалалық емханаларында жемқорлық қылмыстары анықталды.


26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға, бас есепші М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға қатысты үкім шығарды.

Сот процесі ашық режимде өткізілді. Сотталушылар кәсіпкермен заңсыз шарт жасасқан. Қызмет көрсетілмесе де кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аударып, ақша жымқырғаны дәлелденіп отыр.
Сот үкімімен олар 5 жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылды. Емхана басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Ал қалған үшеуі мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Осы секілді қылмысқа күдікті деп танылған Жаңаөзен қалалық емханасының директоры да қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «№2 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры мен бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды.
Айтка кетсек, биыл елімізде әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмыс тіркеліп, оған 58 адамның қатысы бары  әшкереленді, 34 адам сотталды.

Фото: florcvet.ru  

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды